Біз туралы

  • Home
  • Біз туралы

 Қорған-Ата мектепке дейінгі шағын орталығы ЖШС  шымкент  қаласы,   абай ауданы, Катын Копр 91/92 үй, мекен жайындағы бір қабатты типтік ғимаратта орналасқан. Шағын орталық оқу ойын бөлмеден, шешінетін жататын, ыдыс жуатын бөлмеден үш топқа бөлінген және әкімшілік бөлмелері, медицина, кір жуатын бөлмелер мен қоймалардан тұрады. Шағын орталық учаскелерінде спорт алаңы, әр топқа арналған саяжайлары скульптуралар, автокөлік балондарынан жасалған көрнекіліктермен безендірілген. Шағын орталық сиымдылығы 75 балаға арналған. Мемелекттік тапсырыс бойынша 30 бала қабылданған және ақылы комерция бойынша 30 бала тәрбиеленуде.  Шағын орталық ұжымы  пән мұғалімдерден, тәрбиешілерден, саз жетекшісі, психолог, аспазшыдан және медбикеден тұрады.

            Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың заманауи талаптар деңгейінде жүргізу мақсатында  шағын орталық топтары керекті жиһаздармен толықтырылып, оқу дидактикалық материалдар әдістемелік құралдармен қамтылған. Шағын орталығымызда Мантессори, ТРИЗ, технологиясының элементтері,  арқылы балалардың бейнелеу  өнері  арқылы қабілеттерін, көркемдік  шығармашылықтарын  дамыту аясында қолданылады.

           Шағын орталықтың басты мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлықтарын дамыту жұмыстары барысында балаларды патриоттық тәрбиеге тәрбиелеу.

           Шағын орталықтың негізгі міндеттері:

  1. Балалардың денсаулығын қорғау.
  2. Балаларды ерте жастан әлеуметтендіруді қамтамасыз ету.
  3. Әр баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, балалардың ақыл-ой , адамгершілік, дене бітімі, эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабілеттерін дамыту.
  4. Балалады күтуды, қарауды ұйымдастыру.
  5. Балалардың дамуындағы ауытқулары уақытында түзету.
  6. Ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

      Шағын орталығымызда балаларға  үш мезгіл  ыстық  тамақ ұйымдастырылған, жыл бойы   балаларға көкөністер мен жемістер  беріледі. Шағын орталығымызда өтілетін барлық   мерекелер мен іс- шаралар  міндетті түрде  ата-аналардың  қатысуымен өтіледі.